ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КӨРМЕСІ

1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне орай Сәтбаев қаласының әкімі Ыдырысов Асқар Абылайұлының және қалалық Білім бөлімінің бастамасымен инновациялық технологиялар көрмесі ашылды. Жастардың идеялары айқын көрініс тапқан көрмеге ҚР мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру ісі комитетінің төрағасы - Қанағатов Елсияр Баймұхамедұлы және ҚР мемлекет қайраткері - Бәйменов Әлихан Мұхамедияұлы қонаққа келді. Келген қонақтарға қала мектептерімен қатар С.Сейфуллин атындағы гимназияның ғылымға бет алған оқушылары болашақ энергиясы, энергия қуатын үнемдеу тақырыбындағы жобаларын, дарынды балаларға арналған мамандандырылған " Қыран" мектебін, автотұрақ, "Болашақтағы мектеп" жобасының макеттерін, робототехникада жасаған жұмыстарын ұсынды. 
Дана халқымыз "Жастар - болашаққа апаратын алтын көпір" деп айтқандай, еліміздің өркендеуіне мол үлес қосатын жастардың қатары күннен күнге артып келеді. Қал ... Читать дальше »

Просмотров: 394 | Добавил: shkolagimnaziya | Дата: 04.01.2018 | Комментарии (0)

ОБЛЫСТАН ҚУАНЫШТЫ ЖАҢАЛЫҚ! 
Бүгін бірнеше кезеңдерден тұрған облыстық " Жыл мұғалімі 2017" байқауы өз мәресіне жетті. Қарағанды облысының білім басқармасы және Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу- әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен сайыстың алғашқы кезеңіне Қарағанды облысы бойынша үздік танылған 35 ұстаз қатысып, ақтық мәреге 9 ұстаз бақтарын сынады. Ғылым әлеміне жетелеп, адамзат әлеміне қадам басқанда жеке тұлға болуын қалыптастыратын, шәкірттеріне тәжірибесі мен жан жылуын сыйлайтын ұстаздардың үздік додасына гимназияның жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері - Бұқар Амангелді Оразұлы Сәтбаев қаласының намысын қорғап, жүлделі III орынға ие болды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! " Алар асуыңыз көп болсын! 
"Бірлік бар жерде - тірлік бар" деген қанатты сөзі татулық пен ұйымшылдықтың айғағы секілді, бұл жүлде - қаламыздың және гимназия ұжымының жүлдесі!

Прикрепления: Картинка 1 ·Картинка 2
Просмотров: 456 | Добавил: shkolagimnaziya | Дата: 04.01.2018 | Комментарии (0)

"ЖАС ТАЛАНТТАР " АЙГӨЛЕКТЕ"
Гимназияда еліміздің Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 1-4 сынып оқушылары үшін " Айгөлек" өнер байқауы болып өтті. Жас таланттар байқауда ән айту, би билеу, көркемсөз оқу, музыкалық аспапта ойнау, сән көрсету өнерлерінен сынға түсті. Бүлдіршіндердің өнерлеріне тәнті болған әділ-қазылар барлығын да жүлделі орындармен марапаттады. 
Өнерлерің өрге жүзсін, бүлдіршіндер!

Просмотров: 356 | Добавил: shkolagimnaziya | Дата: 04.01.2018 | Комментарии (0)

ДЕНІ САУ ҰРПАҚ - ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ
1 желтоқсан - халықаралық ВИЧ/ СПИД індетіне қарсы күнге байланысты Сәтбаев қаласының білім ошақтары арасында "Біз денсаулықты таңдаймыз! ЖИТС- тен алдын алу " тақырыбында үгіт- насихат топтарының байқауы болып өтті. Байқауға гимназияның үгіт- насихатшылары қатысып, жүлделі I ОРЫНДЫ жеңіп алды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 
Алға қойған мақсаттарыңа жете беріңдер!

Прикрепления: Картинка 1 ·Картинка 2
Просмотров: 325 | Добавил: shkolagimnaziya | Дата: 04.01.2018 | Комментарии (0)

ДАРЫНДЫЛАР ДАРАЛАНДЫ
Бүгін еліміздің Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Сәтбаев қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен қалалық олимпиаданың жеңімпаздарын марапаттауға арналған іс- шара болып өтті. Республикалық пән олимпиадасының қалалық кезеңінде гимназия оқушыларынан 10 оқушы жүлделі I орынды, 6 оқушы II орынды, 12 оқушы III орынды жеңіп алып, көш алдында бой көрсетті. Қалалық кезеңінен I орын алып, облыста Сәтбаев қаласының намысын қорғайтын оқушылар: Әбдірейімова Динара, Талғатова Аяжан, Кос Кристина, Абдрахманова Валерия, Махамбетова Әсем, Усеинова Жанерке, Денберген Дариға, Садуова Жібек, Сәлім Айнұр, Рахым Мәдиге және барлық жеңімпаздарға қалалық білім бөлімінің басшысы Акишбеков Берік Базылұлы ақ тілегін айтып, облыстық кезеңге сәттілік тіледі. Сонымен қатар, жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық олимпиадада көрсеткен жоғары жетістіктері үшін С.Сейфуллин атындағы гимназияның командасы 
" ЕҢ ҮЗДІК ОЛИМПИАДАЛЫҚ КОМАНДА" номинациясымен марапатталды ... Читать дальше »

Просмотров: 382 | Добавил: shkolagimnaziya | Дата: 04.01.2018 | Комментарии (0)

GI'MNAZI'ST - 2017
Саламын білімге барымды,
Сынаймын шыңдалып бағымды.
Шығатын әлі талай биікке,
Боламыз ГИМНАЗИСТ дарынды - 
деп, бал тілімен мақтана айтқан бірінші сынып оқушылары үшін бүгін дәстүрлі мереке - гимназист қатарына қабылдау болып өтті. Болашаққа қадам басқан балдырғандар осы уақытқа дейін алған білімдері мен өнерлерін ортаға салып, қол өнерлерін, жасаған жобаларын көрмеде көрсетті. Мереке соңында гимназия директоры Суюнжанова Гүлбану Қайырбекқызы барлық дарынды гимназистердің қадамына сәттілік тілеп, алда әрқайсысынан үлкен үміт күтетінін айтты. 
Гимназиям - алтын ұям,
Білім берер жарқын ұям.
Дарынды боп өсіп келем,
Мен өзіңе басымды ием! - 
деп алғысын айтқан бүлдіршіндер ата -аналар мен ұстаздарының алдында ант берді. Жылда гимназист қатарына қабылданатын дәстүрлі мерекеге 2017-2018 оқу жылында 84 оқушы қабылданды. 
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Әрбір басқан қадамдарың сәтті болсын, гимназ ... Читать дальше »

Просмотров: 416 | Добавил: shkolagimnaziya | Дата: 04.01.2018 | Комментарии (0)

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ - ИГІ ІС
Жақсы іс жасау үшін, әуелі, қалтаңызда көптеген ақша емес, жүрегіңізде кішкентай ғана мейірім болса болды...
Бүгін гимназияның 11- сынып оқушылары, сынып жетекшісі - Усейнова Фариза Гиниятовнамен Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Жезқазған қаласындағы Қарттар үйіне барды. Ата- әжелердің қал- ахуалын біліп, өздері дайындаған тәтті тағамдарын ұсынып, өнерлерін көрсетіп, көңіл күйлерін көтерді. Гимназияның санаулы айлардан соң үлкен өмірге қадам басқалы отырған бітіруші түлектері ата- әжелерден болашаққа "азық" болатын ақ батасын алып қайтты.

Прикрепления: Картинка 1
Просмотров: 382 | Добавил: shkolagimnaziya | Дата: 04.01.2018 | Комментарии (0)