19:17
ГИМНАЗИСТ - 2017

GI'MNAZI'ST - 2017
Саламын білімге барымды,
Сынаймын шыңдалып бағымды.
Шығатын әлі талай биікке,
Боламыз ГИМНАЗИСТ дарынды - 
деп, бал тілімен мақтана айтқан бірінші сынып оқушылары үшін бүгін дәстүрлі мереке - гимназист қатарына қабылдау болып өтті. Болашаққа қадам басқан балдырғандар осы уақытқа дейін алған білімдері мен өнерлерін ортаға салып, қол өнерлерін, жасаған жобаларын көрмеде көрсетті. Мереке соңында гимназия директоры Суюнжанова Гүлбану Қайырбекқызы барлық дарынды гимназистердің қадамына сәттілік тілеп, алда әрқайсысынан үлкен үміт күтетінін айтты. 
Гимназиям - алтын ұям,
Білім берер жарқын ұям.
Дарынды боп өсіп келем,
Мен өзіңе басымды ием! - 
деп алғысын айтқан бүлдіршіндер ата -аналар мен ұстаздарының алдында ант берді. Жылда гимназист қатарына қабылданатын дәстүрлі мерекеге 2017-2018 оқу жылында 84 оқушы қабылданды. 
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Әрбір басқан қадамдарың сәтті болсын, гимназистер!

Просмотров: 417 | Добавил: shkolagimnaziya | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]