ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі №   375бұйрығы

(Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 17 қыркүйектегі  №   8827 тіркелген)

 

 

 

Жалпы білім беру ұйымдарының

(бастауыш, негізгі орта және жалпы

орта білім беру) түрлері бойынша

қызметінің үлгілік қағидаларын

бекіту туралы

 

 

         «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы  44-5) тармақшасына сәйкес

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

     1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Білім беру деңгейлері бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;

     2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Оқыту бейіні бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;

     3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Оқытуды ұйымдастыру жағдайы бойыншабілім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;

     4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Халықаралық мектептер қызметінің үлгілік қағидалары;

    5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Интернаттық білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;

    6) осы бұйрыққа6-қосымшаға сәйкес Біріктірілген білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Мектепке  дейінгі  және  орта  білім  департаменті  (Ж.А. Жонтаева):                                                 

     1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

     2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі М.А. Әбеновке жүктелсін.

         5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн  өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

           Министр                                                                           А. Сәрінжіпов

 

Үзінді

21. Гимназиялар мен лицейлерге қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 қаулысымен бекітілген  Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. 

          22. Оқушыларды қабылдау, сыныптан-сыныпқа көшіру, оқудан шығару оқу үлгерімінің нәтижесі бойынша (рейтингілік балмен) гимназия, лицей  кеңесінің (педагогикалық кеңес) шешіміне және гимназия, лицей  Жарғысына сәйкес жүргізіледі.

23. Оқудан шығарылған оқушылар мектеп-гимназияның, мектеп-лицейдің жалпы білім беретін сыныптарында оқуын жалғастырады немесе аудандық (қалалық) білім бөлімімен тұрғылықты жері бойынша жалпы білім беретін мектепке ауысады.

         24. Білім алушылар үлгерімін ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің  және экстернат нысанында оқу тәртібі Заңмен анықталады.