19:21
Дарындылар дараланды

ДАРЫНДЫЛАР ДАРАЛАНДЫ
Бүгін еліміздің Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Сәтбаев қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен қалалық олимпиаданың жеңімпаздарын марапаттауға арналған іс- шара болып өтті. Республикалық пән олимпиадасының қалалық кезеңінде гимназия оқушыларынан 10 оқушы жүлделі I орынды, 6 оқушы II орынды, 12 оқушы III орынды жеңіп алып, көш алдында бой көрсетті. Қалалық кезеңінен I орын алып, облыста Сәтбаев қаласының намысын қорғайтын оқушылар: Әбдірейімова Динара, Талғатова Аяжан, Кос Кристина, Абдрахманова Валерия, Махамбетова Әсем, Усеинова Жанерке, Денберген Дариға, Садуова Жібек, Сәлім Айнұр, Рахым Мәдиге және барлық жеңімпаздарға қалалық білім бөлімінің басшысы Акишбеков Берік Базылұлы ақ тілегін айтып, облыстық кезеңге сәттілік тіледі. Сонымен қатар, жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық олимпиадада көрсеткен жоғары жетістіктері үшін С.Сейфуллин атындағы гимназияның командасы 
" ЕҢ ҮЗДІК ОЛИМПИАДАЛЫҚ КОМАНДА" номинациясымен марапатталды. 
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Просмотров: 383 | Добавил: shkolagimnaziya | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]