19:34
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КӨРМЕСІ

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КӨРМЕСІ

1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне орай Сәтбаев қаласының әкімі Ыдырысов Асқар Абылайұлының және қалалық Білім бөлімінің бастамасымен инновациялық технологиялар көрмесі ашылды. Жастардың идеялары айқын көрініс тапқан көрмеге ҚР мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру ісі комитетінің төрағасы - Қанағатов Елсияр Баймұхамедұлы және ҚР мемлекет қайраткері - Бәйменов Әлихан Мұхамедияұлы қонаққа келді. Келген қонақтарға қала мектептерімен қатар С.Сейфуллин атындағы гимназияның ғылымға бет алған оқушылары болашақ энергиясы, энергия қуатын үнемдеу тақырыбындағы жобаларын, дарынды балаларға арналған мамандандырылған " Қыран" мектебін, автотұрақ, "Болашақтағы мектеп" жобасының макеттерін, робототехникада жасаған жұмыстарын ұсынды. 
Дана халқымыз "Жастар - болашаққа апаратын алтын көпір" деп айтқандай, еліміздің өркендеуіне мол үлес қосатын жастардың қатары күннен күнге артып келеді. Қаламызда ашылған бүгінгі инновациялық технологиялар көрмесі әлі талай тың жобалармен толығатынына сенім мол.

Просмотров: 395 | Добавил: shkolagimnaziya | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]