"С.Сейфуллин атындағы гимназия КММ- де  ақпан айының 9-жұлдызында 7 "А",  7 "Б"  сыныптарының  ұйымдастыруымен "Ауған асуында от кешкендер" атты Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу болып өтті. Кездесуге Сәтбаев қаласының тұрғындары, жауынгер-интернационалисттер Джанкелдиев Ертай Сарбасович, Наурызбаев Дихан келді.

   Тарих беттерінде адам ойымен жаратылып, қолымен жасалған дүние өз басына қауіп төндірген сәттер аз болмаған. Солардың бірі Ауған соғысы болатын. Саясат тудырған сол соғысқа қатысқан жауынгерлердің кейбірі елге мүгедек болып оралса, кейбірі хабар-ошарсыз кетті. 

   Кездесу барысында ардагерлер Ауған соғысы жайында қойылған сұрақтарға жауап беріп, мәңгі бейбіт заманды тілейтіндіктерін жеткізді. Бірақ сұм соғыс жайлы естелік айту оларға оңайға соқпады. Оқушылар батыр ағаларына өнерлерін көрсеттіп, би билеп, ән шырқады. 

Алысып, қас дұшпанмен қас ... Читать дальше »

Просмотров: 361 | Добавил: shkolagimnaziya | Дата: 09.02.2018 | Комментарии (0)