Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашақ бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өткізілген X республикалық "Жарқын болашақ" олимпиадасының облыстық кезеңіне С.Сейфуллин атындағы гимназияның бір топ оқушылары қатысып, жүлделерге ие болды. Байқаудың "Тілші -әдебиетшілер" бағытында Бердинова Алтынай II орынға, Кос Кристина III орынға, "Жазушылар" бағытында Полянская Василина II орынға, "Әншілер" бағытында Шекимова Лия II орынға, "Көркем сөз шебері" бағытында Сатыбалды Жандос жүлделі III орынға ие болды. Шәкірттерін шығармашылыққа баулып, жоғары деңгейде дайындағаны үшін ұстаздары- Мейрманова Ақмарал Тұрғанәліқызы, Бұқар Амангелді Оразұлы және Усейнова Фариза Гиниятовна алғыс хатпен марапатталды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Прикрепления: Картинка 1
Просмотров: 335 | Добавил: shkolagimnaziya | Дата: 27.02.2018 | Комментарии (0)