14:37
Ауған асуында от кешкендер...

   "С.Сейфуллин атындағы гимназия КММ- де  ақпан айының 9-жұлдызында 7 "А",  7 "Б"  сыныптарының  ұйымдастыруымен "Ауған асуында от кешкендер" атты Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу болып өтті. Кездесуге Сәтбаев қаласының тұрғындары, жауынгер-интернационалисттер Джанкелдиев Ертай Сарбасович, Наурызбаев Дихан келді.

   Тарих беттерінде адам ойымен жаратылып, қолымен жасалған дүние өз басына қауіп төндірген сәттер аз болмаған. Солардың бірі Ауған соғысы болатын. Саясат тудырған сол соғысқа қатысқан жауынгерлердің кейбірі елге мүгедек болып оралса, кейбірі хабар-ошарсыз кетті. 

   Кездесу барысында ардагерлер Ауған соғысы жайында қойылған сұрақтарға жауап беріп, мәңгі бейбіт заманды тілейтіндіктерін жеткізді. Бірақ сұм соғыс жайлы естелік айту оларға оңайға соқпады. Оқушылар батыр ағаларына өнерлерін көрсеттіп, би билеп, ән шырқады. 

Алысып, қас дұшпанмен қасарысқан, 

Адалдықпен от кешті жас арыстан.

Лайық бүгін жылдар жылжып өтсе дағы,

Жауынгерлер бар құрмет пен алғысқа. 

Кеш соңында ардагерлерге естелік сыйлықтар табысталып, құрмет көрсетілді. Сол кездегі 18-20жас аралығындағы өрімдей жас азаматтардың интернационалдық борышын өтеу жолындағы ерлігі, Отанға деген шексіз сүйіспеншілігі жайында болған кездесудің бүгінгі бейбіт ұрпақ үшін тәрбиелік мәні зор болғаны ақиқат. 

Просмотров: 361 | Добавил: shkolagimnaziya | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]