«Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады» 
Н.Ә.Назарбаев
Бүгінгі заман – бәсекелестік пен жоғары технологиялар заманы, ғылым мен білім заманы. Сондықтан адамзат қиял жетпес ғажаптарға қол созады. Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. Білім негізі мектепте қаланатын болғандықтан, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр.
Осындай мақсатты алға қойған С.Сейфуллин атындағы гимназияның ұстаздары мен оқушылары 27 сәуір күні «САҒАН АРНАЙМЫН, ӘСЕМ ҚАЛАМ!» атты шығармашылық есеп беру концертін ұйымдастырды. Шығармашылық кеш Сәтбаев қаласының 45 жылдығы мен Астана қаласының 20 жылдығына арналды. Кеште Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Төлендина Айгүл Космановна, әкім аппараты жанындағы әлеуметтік сала бөлімінің басшысы Таңсықбаева Г ... Читать дальше »

Просмотров: 436 | Добавил: shkolagimnaziya | Дата: 02.05.2018 | Комментарии (0)