09:06
«САҒАН АРНАЙМЫН, ӘСЕМ ҚАЛАМ!»

«Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады» 
Н.Ә.Назарбаев
Бүгінгі заман – бәсекелестік пен жоғары технологиялар заманы, ғылым мен білім заманы. Сондықтан адамзат қиял жетпес ғажаптарға қол созады. Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. Білім негізі мектепте қаланатын болғандықтан, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр.
Осындай мақсатты алға қойған С.Сейфуллин атындағы гимназияның ұстаздары мен оқушылары 27 сәуір күні «САҒАН АРНАЙМЫН, ӘСЕМ ҚАЛАМ!» атты шығармашылық есеп беру концертін ұйымдастырды. Шығармашылық кеш Сәтбаев қаласының 45 жылдығы мен Астана қаласының 20 жылдығына арналды. Кеште Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Төлендина Айгүл Космановна, әкім аппараты жанындағы әлеуметтік сала бөлімінің басшысы Таңсықбаева Гүлмира Өміртайқызы, қалалық білім бөлімінің басшысы Ақышбеков Берік Базылұлы, Сәтбаев қалалық кәсіподақ ұйымының төрайымы Ильясова Гүлнар Жұмабекқызы, қалалық білім бөлімі әдістеме кабинетінің меңгерушісі Беткер Ирина Михайловна, Сәтбаев қалалық білім бөлімі қамқоршы және қорғаншы органының сектор меңгерушісі Танабаева Ақнұр Рахымқызы, білім бөлімінің әдіскерлері Дүйсен Лаура Боранбайқызы, Сейлова Акерке Абдуалиевна, қамқоршылық кеңесінің төрайымы Ильясова Галина Николаевна қонақ болды. 
С.Сейфуллин атындағы гимназия - республиканың, жақын және алыс шетелдердегі жоғарғы оқу орнына түсушілер санының биік көрсеткіштерімен және ҰБТ қорытындыларының үздік нәтижелерімен, оқушылары мен ұстаздарының қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық жарыстар мен пән олимпиадаларының, интеллектуалды марафондардың жеңімпаздарымен танымал білім ордасы. Бүгінгі кеште гимназияда өмірге қажетті құндылықтармен қаруландыратын, адамгершіліктің ақ жолында ұшырасатын қиындықтардың жолын таба білуге дағдыландыратын, түлегін рухани жаңғырған тұлға ретінде тәрбиелеу мақсатындағы жұмыс істейтін үйірмелердің жетекшілері мен оқушылары бар өнерін ортаға салды. Олар: «Ағылшынша үйрен,ән сал» үйірмесі, жетекшісі Галиуллина Анита Музафаровна, «Жерұйық» үйірмесі, жетекшісі Магзумова Қарлығаш Магзумовна, «Көркем гимнастика» үйірмесі, жетекшісі Овчаренко Ирина Николаевна, «Би әліппесі», «Хореография және ритмика» үйірмелері, жетекшісі Юсупова Ольга Андреевна, «Домбыра» үйірмесі, жетекшісі Усейнова Фариза Гиниятовна, «Ағылшын тілінде сахналау» үйірмесі, жетекшісі Саввина Наталья Александровна, «Сахна өнері» үйірмесі, жетекшісі Базылбек Салтанат Төрегелдіқызы, «Қол өнер» үйірмесі, жетекшілері - Нугманова Урляш Утеуовна, Уразалинова Зинаида Галымжановна, Абишева Сауле Ибрагимовна. 
Кеш қорытындысында келген қонақтар мен ата-аналар оқушыларды сабақтан тыс уақыттарда өнердің сан қырына баулыған гимназия ұжымының еңбектеріне шығармашылық табыс, тәрбиеленушілерге бұдан да биік белестерді бағындыра беруін тілеп, алғыстарын білдірді.

Просмотров: 437 | Добавил: shkolagimnaziya | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]