Қазақстан Республикасында 130 дан астам ұлттар өмір сүреді. Әр халықтың тілі қайнар судың тұнбасындай мөлдір, сазды дыбыстарға бай, ұлттың тілі, әні, үні болып шалқар дариядай шалқуда. 

    Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне орай 19.09.2017ж "С.Сейфуллин атындағы гимназия" КММ  директорымен бекітілген жоспарға сәйкес  "Тілі басқа-тілегі бір, Жүзі басқа-жүрегі бір" атты фестиваль өткізілді. 

   Мақсаты: Көпұлтты Қазақстан халқының достығын сақтайтындығымызды, адамзаттың барлығына бейбіт өмір, тыныштық тілейтіндігімізді білдіру; өзге халықтардың салт-дәстүрін, әдеп-ғұрыпын құрметтеу; оқушыларды бірлікке, татулыққа баулу. 

   Фестивальға гимназиямыздың 5,6,7 сыныптары белсене қатысты. Берілген ұлттың тілінде сөйлеп, өнерін көрсетті. 

   Фестивальға қатысқан сыныптардың барлығы алғыс хаттармен марапатталды. 

Просмотров: 330 | Добавил: shkolagimnaziya | Дата: 05.10.2017 | Комментарии (0)

  Біріккен халықтар ұйымының бас ассамблеясының шешімімен 1991 жылдың 1-қазанынан бастап 1990 жылдың 14 желтоқсанының 45/106 резолюциясына сай Халықаралық Қарттар күні болып бекітілді. 

   "С.Сейфуллин атындағы гимназия" КММ директорымен бекітілген жоспарға сәйкес 1- қазан халықаралық Қарттар күніне орай "Қарттарым- асыл қазынам" қайырымдылық акциясы өткізілді. Қыркүйек айының 27 жұлдызында жас ұланшылар, яғни қазақ бөлімінің 6 "А" сынып оқушылары сынып жетекшілері Базылбек С.Т. және аға тәлімгер Султангалиева П.Н. ұйымдастыруымен Сәтбаев қаласының тұрғыны, жалғызбасты қарт әже Қойшыбаева Нағиманы мерекесімен құттықтап, қал-жағдайын біліп, азық-түлікпен көмек көрсетіп қайтты.

    Оқушылар жүрекжарды тілектерін айтып, өз ниеттерін білдірді.Нағима әжей келгенімізге алғы айтып, жас ұланшыларға батасын берді.

Прикрепления: Картинка 1
Просмотров: 362 | Добавил: shkolagimnaziya | Дата: 05.10.2017 | Комментарии (0)