10:36
1-қазан Халықаралық Қарттар күніне арналған "Қарттарым- асыл қазынам" қайырымдылық шарасы

  Біріккен халықтар ұйымының бас ассамблеясының шешімімен 1991 жылдың 1-қазанынан бастап 1990 жылдың 14 желтоқсанының 45/106 резолюциясына сай Халықаралық Қарттар күні болып бекітілді. 

   "С.Сейфуллин атындағы гимназия" КММ директорымен бекітілген жоспарға сәйкес 1- қазан халықаралық Қарттар күніне орай "Қарттарым- асыл қазынам" қайырымдылық акциясы өткізілді. Қыркүйек айының 27 жұлдызында жас ұланшылар, яғни қазақ бөлімінің 6 "А" сынып оқушылары сынып жетекшілері Базылбек С.Т. және аға тәлімгер Султангалиева П.Н. ұйымдастыруымен Сәтбаев қаласының тұрғыны, жалғызбасты қарт әже Қойшыбаева Нағиманы мерекесімен құттықтап, қал-жағдайын біліп, азық-түлікпен көмек көрсетіп қайтты.

    Оқушылар жүрекжарды тілектерін айтып, өз ниеттерін білдірді.Нағима әжей келгенімізге алғы айтып, жас ұланшыларға батасын берді.

Прикрепления: Картинка 1
Просмотров: 362 | Добавил: shkolagimnaziya | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]