10:57
Жүректен жүрекке

    Үйге қонақ келсе, кез келген бала қуанады. Ал балалар үйінің тәрбиеленушілері сол қонақты ерекше асыға күтеді...

   Қаңтар айының 19-жұлдызында «С.Сейфуллин атындағы гимназия» КММ директорымен бекітілген жоспарындағы «Жүректен жүрекке» акциясы бойынша, гимназиямыздың қызметкерлері мен оқушылары Жезқазған қаласындағы Мәруа Құлышева атындағы балалар үйінде болып қайтты. Балалар үйінің ұжымы, тәрбиеленуші балалар  келген қонақтарды өте жылы шыраймен қарсы алды. Дәл сол күні балалар үйінде «Көңілді жәрменке» акциясы болды. Онда балалардың өз қолдарымен жасаған қолөнерлері, пісірген дәмді тағамдары қонақтарға ұсынылды. Олардың қоғамға бейімделіп, өмірде өз қызығушылықтарын арттырып, пайдалы іске асығатындықтары бізді қуантты.

   Балаларға гимназия ұжымы мен ата-аналары тарапынан жасалған силықтар тарту етілді. Осы бір әдемі шара балаларды қуанышқа бөледі. Осындай дәстүрлі шараның үлкенге де кішіге де берері мол деп білемін.

Өмірдегі шаттық, бақыт, қуаныш.
Біздер үшін мүлдем басқа түсінік.
Бұл өмірдің бізге берген сынағын
Шындығында жүрмізбе біз түсініп?!
Құшақ жайып саған барын беретін,
Өз үйіңде мейірімді шуақ тұр...
Сені өсірген ата-ананың қадірін
Білгің келсе жетімдерден сұрап көр..
Жанарына жас іркіліп қаншама,
Қиналса да сұрақтар мен күдіктен
Жүрегінің түбіндегі тілегі
Терезеге телміреді үмітпен.
Мұңға толы мөлдіреген жанары,
Мейірімге толы құшақ іздейді.
Аңсайды олар алақанды аялы
Арманынан үміттерін үзбейді.
Жетімдердің жасымасын көңілі,
Сүрінбесін өмір атты сынақтан,
Шын жүректен өздеріңе тілерім
Жар болсын жалғыз Жаратқан!

Султангалиева П.Н.

Просмотров: 395 | Добавил: shkolagimnaziya | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]