13:17
СӘТБАЕВ! БІРГЕ ЖАРҚЫРАЙЫҚ!

Жуырда Сәтбаев қаласында «Сәтбаев! Бірге жарқырайық!» атты республикалық экологиялық фестивалі өтті. Фестиваль жұмысына еліміздегі Әлия Назарбаева басқарған қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қорының өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Майра Айсина және 2000-ға жуық тұрғындар, Сәтбаев қаласының мектеп оқушылары ат салысты. Шара барысында 6500 ағаш көшеттері егіліп, мектеп оқушыларының қатысуымен «Қазақстан» спорттық –сауықтыру кешенінде эко-жобалар және иновациялық технологиялар көрмесі ұйымдастырылды. Шараның ашылуында Сәтбаев қаласының әкімі Асқар Ыдырысов қала тұрғындары мен жастарды экологиялық жағдайды жақсартып, табиғатты аялауға шақырды. Экологиялық білімді дамыту, жастарды туған қаласының табиғатына қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу мақсатындағы жобаға С.Сейфуллин атындағы гимназия оқушылары да өз үлестерін қосты. Гимназияның өнерпаздары ән-биімен өнер көрсетсе, дарындылары көрмеге жобаларын ұсынды. Фестиваль аясындағы тренингте гимназияның 9 «А» сынып оқушысы Шахарқали Аян белсенділік танытып, шара қорытындысында Алғыс хатпен марапатталды.

Просмотров: 377 | Добавил: shkolagimnaziya | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]