09:16
Қазақ әдебиетінің классигі Сәкен Сейфуллиннің туған күніне орай үш тілде өткізілген қалалық "Сыр сандық" зияткерлік ойыны

Қазан айының 13 жұлдызында гимназиямызда қазақ әдебиетінің классигі Сәкен Сейфуллиннің туған күніне орай үш тілде қалалық "Сыр сандық" зияткерлік ойыны өтті. Бұл зияткерлік ойынға Сәтбаев қаласының 9 мектебінен білімді оқушылар келді. Атап айтар болсақ:

№1 гимназия Айдарқұлова Шахрезада;

№4 мектеп-лицей Төлеген Темірлан;

№4 мектеп Каняхметов Чингиз:

№7 мектеп Серікова Айжан;

№15 мектеп Алдонгар Жансая;

№16 мектеп Куттыбаева Арайлым;

№25 мектеп Мусина Нұрай;

№14мектеп Усенова Айым;

№9 мектеп Жүнісбек Нұртілек;

"Сыр сандық" зияткерлік ойынының мақсаты - Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығын игеру, оқушылардың қызығушылығын арттыру, сонымен қатар жазушының шығармаларын көпшілікке танымал ету.

Зияткерлік ойынның ережесі- С.Сейфуллиннің өмірбаяны мен шығармашылық жолы туралы сұрақтардан және оның өлеңдерін мәнерлеп оқудан тұрады.

І кезең- "С.Сейфуллиннің өмір жолдары"

ІІ кезең- "Сәкен-ақын"

ІІІ кезең- "Сәкен - жазушы"

IV кезең- "Сәкен -сазгер"

V кезең "Сәкен шығармаларынан көркемсөз оқу"

 Аталған 5 кезеңнен сүрінбей өтіп жүлделі орынға ие болғандар :

І орын- №1 мектеп гимназия Айдарқұлова Шахрезада

ІІ орын- №4 мектеп-лицейі Төлеген Темірлан

ІІІ орын- №25 орта мектебі Мусина Нурай

Сәкен ақынның адам жанын бірден баурап алатын нәзік сырлы, жүрек елжіретер өлеңдері кеудеңді күйсандық сазындай күйге толтырып, ой санаңды дауылдай сапыратын сипатымен ерекшеленеді. Саңлақ ақынның жауһар жырларын бүкіл қазақ жаппай оқып, жаттап жүр десек, асырып айтқандық болар еді. Ал оның отты өлеңдері барша қазақтың жырын жырлап, мұңын мұңдауға арналғандығын айтсақ, әрине, қателеспейміз. 

Просмотров: 502 | Добавил: shkolagimnaziya | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]