Roboland - 2018
Жуырда Қарағанды қаласында IV халықаралық робототехника және инновациялық технологиялар фестивалі болып өтті. Оған Ресейден, Қырғызстаннан, Польшадан және елімізден 1500 жас техниктер, 771 команда, 32 номинация бойынша сайысқа түсті. Сәтбаев қаласының намысын қорғауға қала мектептерінен 13 оқушыдан тұратын 6 команда өз жобаларын ұсынып, бақтарын сынады.
Оның ішінде С.Сейфуллин атындағы гимназия оқушылары байқау барысында "Табиғат және робот" жобасынан жоғары ұпай жинап, 10 үздік командалардың қатарынан бой көрсетті. Жетекшілері- Алмат Софинов. 
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Прикрепления: Картинка 1 ·Картинка 2
Просмотров: 342 | Добавил: shkolagimnaziya | Дата: 09.04.2018 | Комментарии (0)

ТҮЛЕКТЕР СЫЙЫ
С.Сейфуллин гимназиясынан білім нәрімен сусындап, қазіргі күні еліміздің түпкір-түпкірінде беделді маман иесі атанған 2000 жылғы түлектер жақында өздері ашқан оқу залын бағалы сыйлықтармен толықтырды. Түлектер сыйы - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың туындылары, оның еңбек жолы дәріптелген, жастарға рухани байлық сыйлайтын кітаптар. Гимназия түлектеріне алғыс айта отырып, қызметтеріне өрлеу тілейміз!

Прикрепления: Картинка 1 ·Картинка 2
Просмотров: 391 | Добавил: shkolagimnaziya | Дата: 09.04.2018 | Комментарии (0)

ДАРЫНДЫ БАЛАҒА- ТАЛАНТТЫ ҰСТАЗ
Қарағанды облысының білім басқармасы жəне Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу əдістемелік орталығы ұйымдастырған "Дарынды балаға - талантты ұстаз" атты облыстық педагогикалық олимпиадасына С.Сейфуллин атындағы гимназияның ағылшын тілі пәнінің мұғалімі - Абельдинова Дана Бахытбековна қатысып, жүлделі 2 орынға ие болды.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Прикрепления: Картинка 1
Просмотров: 378 | Добавил: shkolagimnaziya | Дата: 09.04.2018 | Комментарии (0)