12:31
ЖЖИ

Жас жол инспекторларының  

«Жүргізуші жолдастар назарына!» атты акциясы

         Жол ережесін сақтау, жол тәртібін бұзбау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында мектебімізде  19 қараша күні сағ:11:00 де қаламыздың  МАИ қызметкері аға сержант  Сердалинов Даниярдың  қатысуымен, гимназия  оқушыларынан жасақталған Жас жол инспекторларының  «Жүргізуші жолдастар назарына!» атты кезекті акциясы өтті. Аталмыш акция отряд мүшелері арасында жол ережелерін білу, білгенін өзгелерге үйрету, жол қозғалысының қауіпсіздігі жөнінде өткізілген әңгімемен басталды. Әңгіме аяқталысымен, «Жас жол инспекторларымыз» төлқұжаттары мен төсбелгілерін тағып, арнайы бірыңғай киім үлгісімен орталық алаңға саптүзеуге шықты.

       Жол полициясы қызметкерлерімен бірге қаламыздың  Абай көшесінің бойында бірнеше көлік жүргізушілерін тоқтатып, олармен әңгімелесіп, жол ережелерін сақтау , жол белгілеріне назар аудару, жол-көлік оқиғаларын болдырмау сияқты түсіндіру жұмыстары жүргізілді, акцияның маңыздылығы түсіндірілді. «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!» деген үндеумен жадынама парақтары таратылды. Көлік жүргізушілері осындай пайдалы әңгімелері үшін жас инспекторларымызға өз алғыстарын білдіріп жатты.

Сонымен қатар, отряд мүшелері жаяу жүргіншілерге: ересектерге , ата-аналар мен оқушыларға да жол қозғалысының қауіпсіздігі жөніндегі арнайы логотипі бар жадынамалар үлестірді.

    Қорытындылай келсек, балалар амандығын , жол қозғылысы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, қоғам тыныштығын сақтауда өз үлесін қосу мақсатында өткізілген акциямыз алдағы уақытта да өзінің игілікті жалғасын табады деп сенеміз.

        Осындай үлгі-насихат жұмыстарының жол-көлік оқиғаларының азаюына айтарлықтай зор әсерін тигізері сөзсіз.

Просмотров: 358 | Добавил: shkolagimnaziya | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]