14:07
Жыл мұғалімі - 2017

Қаламызда ұстаздардың мәртебесін көтеретін қалалық "Жыл мұғалімі-2017" болып өтті. Өзіндік авторлық жаңа идеясы бар, ғылыми-әдістемелік шеберлігі мол, педагогикалық мәдениеті жоғары, жан-жақты дамыған ерекше тұлғаны анықтау мақсатындағы сайыстың бірінші кезеңіне қала мектептерінен 15 ұстаз бақтарын сынап, ақтық мәреде 8 ұстаз өнерлерін көрсетті. Алғашқы айналымда басқа аудирторияда ашық сабақ пен сыныптан тыс іс- шара ұйымдастырса, ақтық мәре "Таныстыру", "Ашық микрофон", "Мұғалімнің демалыс күні" кезеңдерінен тұрды. "Ашық микрофон" кезеңінде ҰБТ- ның жаңа форматы, электронды журнал, латын әліпбиіне көшу, критериалды бағалау т.б. тың тақырыптар камтылды. Осындай кезеңдерден сүрінбей өтіп, жеңіс тұғырынан көрінген гимназияның жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, ҚР  Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, ақын, жас мамандардың тәлімгері- Бұқар Амангелді Оразұлы Бас жүлдеге ие болды. Құттықтаймыз! Қиын да жауапты, қыр-сыры мол ұстаздық еңбекте шығармашылық табыс тілейміз!

Просмотров: 468 | Добавил: shkolagimnaziya | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]