10:18
ЖЕҢІМПАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

19 наурызда "С.Сейфуллин атындағы гимназия" КММ-де Наурыз мейрамына тарту ретінде гимназияның оқушылары кеңесінің мүшелері "Өзім істеймін жəне басқамен бөлісемін" акциясы аясында 14-17 наурыз аралығында өткізілген сайыстардың қорытындысын шығарып, оқушыларды марапаттап, мереке өткізді. 1-2 сыныптар арасында "Менің Отаным" тақырыбында сурет салу бойынша сайыстың, 3-4 сыныптар - экологиялық тақырыпта лепбуктар сайысының, 5-6 сыныптар - "Салауатты өмір салты" тақырыбында үгіт-насихат тобының сайысының, 7-8 сыныптар - "Менің туған қалам" оқушылар инстаграмындағы фотокросстың, 9 сыныптар - "Түрлі-түрлі мамандық' жобалар сайыстарының қорытындысы шықты. Іс-шара барысында ұйымдастырылған көрмені көпшілік тамашалап, оның танымдық тұрғыдан пайдалы екені аталды.

Просмотров: 392 | Добавил: shkolagimnaziya | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]