"Сырсандық" зияткерлік ойыны
XX ғасырдағы қазақ поэзиясын жаңа түр, тың мазмұнмен байытқан ақиық ақын, ірі мемлекет қайраткері, сарабдал жазушы, драматург, әдебиет зерттеушісі, республика қаламгерлерінің бетке ұстар беделді серкесі, осыларға сал - серілігі мен сирек ұшырасатын сымбаттылығы қосылып, көзінің тірісінде-ақ аңызға айналған Сәкен Сейфуллиннің 15 қазан туған күні. Мұндай перзентімен қазақ жері, қазақ халқы әрқашан да мақтан етеді. Ең алдымен Сәтбаев қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы гимназия осындай тұлғаның есімімен атанғанына әрқашан мақтаныш сезімде. 14 қазанда Сәкен Сейфуллиннің туған күніне орай С.Сейфуллин атындағы гимназияда Сәтбаев қалалық білім бөлімімен ұйымдастырылған қалалық үш тілде «Сыр сандық» зияткерлік ойыны өтті. Дүбірлі додаға қаламыздың білім ошақтарынан 9-11 сынып оқушылары бақ сынады.
| Всего комментариев: 0 | |



