19 апреля в КГУ "Гимназия им.С.Сейфуллина " состоялось открытие недели экологической грамотности. Учащиеся 4 А класса (кл руководитель Панькова Е.О) рассказали ребятам о красоте и проблемах экологии нашей Земли, повторили правила поведения в природе, а также дали обещание Земле, что будут беречь и помогать природе. Каждый из нас понимает, что будущее нашей планеты в наших руках. Мы искренне желаем, чтобы наша планета всегда  была здоровой и прекрасной.


В рамках республиканского проекта «Оқуға құштар мектеп», «Читающая школа» ученики и родители 1 «А» класса ( классный руководитель Киселева Э.Б.) гимназии имени С.Сейфуллина проводят «Читательские часы», конкурсы выразительного чтения, викторины и игры по прочитанным книгам. Ребятам очень нравится читать, за год учебы они овладели навыками чтения, научились бегло и выразительно читать. Они с радостью делятся впечатлениями о  книгах, о новых знаниях.


12 апреля проходил областной семинар по реализации проекта "Зерек", в котором принимали участие учителя КГУ "Гимназия имени С.Сейфуллина" С.Н. Зудочкина и Э.Б.Киселева. Педагоги поделились опытом, ознакомили с механизмами данного проекта. Все методы и формы работы помогают учащимся быстрее адаптироваться к школе, делают учебный процесс интересным, увлекательным занятием, мотивируют на учение, повышают интерес к предметам, а значит и способствуют улучшению качества знаний учащихся начальной школы. Присутствующие коллеги школ области принимали участие в мастер-классе, пробуя на себе все механизмы проекта "Зерек", чтобы в дальнейшем использовать полученные знания и умения в своей практике преподавания. В завершении были даны ответы на все интересующие вопросы, высказаны пожелания о дальнейшем сотрудничестве.

 


2021 жылдың 10 сәуірінде облыстық жоба “Табыс формуласы” бойынша “С.Сейфуллин атындағы гимназия” КММ    мен «№14 Алғабас жалпы орта білім    беретін мектебі» КММ арасында «Қашықтық жағдайында оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында   ғылыми-практикалық семинар өтті. Бұл семинарда С.Сейфуллин гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Абишева А.Т. «Кері байланыс берудің тиімді жолдары» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті. Кері байланыс берудің қашықтықтан оқыту жағдайындағы маңызы туралы сөз қозғап, Padlet тақтасымен жұмыс жолдарын көрсетті. Директордың ақпараттандыру бойынша орынбасары, биология мұғалімі Нургазинова А.А. «Биология сабағында АКТ мүмкіншіліктерін пайдалану» тақырыбында шеберлік сынып көрсетті. Ол Classtime, Wordwall, Jamboard, LefrningApps.org, Learnis.ru  платформаларымен таныстырып, сабақтардың қандай бөліктерінде  пайдалануға болатыны туралы айтты. №14 Алғабас мектебі мұғалімдерінің семинар туралы жақсы пікірлер айтты.


 

 

Ежелгі грек  философы Демокрит айтқандай, «Еңбек үздіксіз үйренгендіктің арқасында жеңілдей түседі».Осы орайда Қарағанды қаласы білім басқармасы мен Оқу-әдістемелік орталығының бастамасымен 29-31 наурыз аралығында  мұғалімдер үшін көктемгі  мектеп ұйымдастырылып, облыс педагогтері  негізгі пәндер бойынша өз тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік сыныптар көрсетті. Сәтбаев қаласының Сәкен Сейфуллин атындағы гимназиясынан биология мұғалімі  Нургазинова Асель Амантайқызы мен физика мұғалімі Софинов Алмат Сайнович қашықтықтан оқыту жағдайындағы білім алушыларға дәріс берудің тиімді жаңашыл әдіс-тәсілдеріне  тоқталды. Асель Амантайқызы  “Адам ағзасындағы мүшелер жүйелерін оқытуда  қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер” тақырыбын білім алушылармен игеруде Padlet, Classtime, Wordwall, Jamboard, LefrningApps.org, Learnis.ru  платформаларын қолданудың жолдарын көрсетті. Шеберлік сынып жаңашылдығымен, практикамен ұштасқандығымен көпшіліктің көңілінен шықты.  Алмат Сайнович «Жобалау жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында тәжірибесімен бөлісіп, білім алушыларды қиын да қызықты іс-әрекетке баулудың маңызы туралы әсерлі де түсінікті айтып, қатысушыларды бейжай қалдырмады. Екі мұғалім де көпшіліктің алғысына бөленіп, өз ұсынған материалдарымен бөлісті. Көктемгі мектептің ұстаздардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға себін тигізгені анық.


2021 жылдың 13 наурызында «С.Сейфуллин атындағы гимназия» КММ-де  оқушылардың «Жұлдыз» ғылыми қоғамының 7-11 сынып білім алушылары арасында ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға 12 оқушы 3 секция бойынша қатысты: қоғамдық-гуманитарлық, физика-математикалық және ғылыми-жаратылыстану.  Конференция қорытындысы:  
1 орын -   11 сынып оқушысы Жұмағали Аяжан ««Орталық Қазақстандағы  туризмді дамытуда» Central Kz Tour мобильді қосымшасының маңызы» (жетекшісі Каримбаева А.Б.);
7 сынып оқушысы Лян Сергей «Электр энергиясын үнемдеудің жолдары» (жетекшісі Куневич Л.С.);
10 сынып оқушысы Ахмедов Исмаил «Сұрықсыз қыс келбеті» (жетекшісі Панина В.В.).
2 орын – 10 сынып оқушысы Жакупов Нурбол «Итопекаға пәтер алудың тиімді жолдары» (жетекшісі Барманбекова А.Т.);
10 сынып оқушысы Даріпбек Сұлтан «Қаржылық талдау жасайтын бот» (жетекшісі Сутемгенова С.И.);
11 сынып оқушысы Тұрар Дариға «Ұлытау-Жезқазған өңірінің металлургия ісі» (жетекшісі Сериков А.А.);
3 орын – 9 сынып оқушысы Касимова Аяжан «Сәтбаев қаласының тұщы суының қазіргі жағдайы» (жетекшісі Каримбаева А.Б.);
10 сынып оқушысы Тұрсынбекова Камила «Кәсіпкерлікті дамыту» (жетекшісі  Абишева Н.И.).
Бодықова Ж., Дауылбай Ж., Серикова А., Нурмуханбетова Л. алғыс хатпен мараппатталды. 
         Әділқазылар алқасы оқушылардың жұмыстарына баға беріп, ұсынымдар айтты. Алдағы уақытта түрлі жобалар жарыстарына жіберуді ұсынды.


Сәкен Сейфуллин атындағы гимназияның 3 «А» сынып оқушылары «Оқуға құштар мектеп» атты облыстық жоба аясында «Оқу сағатында»  Марат Қабанбайдың «Жиһангез Тити» кітабын  оқып, өз ойларымен бөлісті, бұл шығармадан алған әсерлерін айтты.

бейнеролик


Неделю читательской грамотности учитель начальных классов Е.О.Панькова начала с мероприятия "Литературный ринг" по сказкам. Учащиеся 4 А класса с удовольствием угадывали сказки и любимых героев, придумывали начало и окончание сюжета. Самым трудным оказался для ребят раунд "Закладка для сказки", на котором ученики должны были соединить автора и сказку. Мероприятие прошло интересно, живо и познавательно.


         

В рамках недели читательской грамотности  русского языка и литературы, английского языка «ХХІ век – век грамотного поколения»  в гимназии имени С.Сейфуллина среди учащихся 6-го класса       учителем русского языка и литературы Оразалиной Ф.Т. проведен конкурс выразительного чтения стихотворений  казахстанских, русских и зарубежных поэтов с целью популяризации среди школьников  казахской, русской и зарубежной литературы, повышения интереса к чтению, пропаганды культуры публичного выступления и ораторского мастерства, выявления и поддержки талантливых учащихся.

По итогам конкурса Заика Милана, Темірлан Диана заняли І место; Орман Инкар, Смоляк Ульяна, Лукашова Юлия – ІІ место; Попов Илья, Фомина Эвелина, Мутагиров Ислам – ІІІ место. 
Все учащиеся были отмечены грамотами, а лучшие выступления были собраны в единый видеоролик. Молодцы, ребята!


2021 жылдың 27 ақпанында Жетекші мектеп – “С.Сейфуллин атындағы гимназия» КММ-нің ұйымдастыруымен серіктес мектептермен (№3, №9, №15, №25) бірге “Білім сапасын арттырудың тиімді         жолдары”  атты мұғалімдерге арналған семинар өткізілді. Семинарға 58 мұғалім қатысты.
Мақсаты: білім берудің қазіргі жағдайында «білім беру сапасы»  және білім сапасы ұғымдарын, олардың өзектілігін анықтау.
Міндеттері: оқушылардың білім сапасын арттыруда мұғалім қолданатын  тиімді білім беру технологияларын анықтау;  осы бағыттағы мұғалімдердің тәжірибесін зерделеу; мұғалімдерді оқушылардың         білім сапасын арттыру бойынша белсенді іс-әрекетке жұмылдыру. 
Семинарда С.Сейфуллин атындағы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Бұқар А.О. “Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың білім сапасын арттырудың  тәсілдері”, Зудочкина             С.Н.  «Бастауыш сыныптарда оқушылардың білім сапасын көтеру жұмысы», №9 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бердибаева К.Р. “Білім сапасын  арттыруда оқыту мен оқудағы интербелсенді                  тәсілдер”, Жаманбаева С.С. “Бастауыш сынып оқуышларының білім сапасын арттыру жолдары”, Акпарова М.С. “Білім мазмұнын жаңартуда функционалдық сауаттылықтың маңызы”  тақырыптарында        өз тәжірибелерімен бөлісті. Сөз сөйлегендер және қатысушылар қашықтықтан білім беру жағдайында білім беру сапасын көтеру мәселесінің маңыздылығын атап өтті. 

27 февраля 2021 года КГУ «Гимназия им. С.Сейфуллина» как Ведущая школа  организовала семинар   для учителей совместно со школами-партнерами (№3, №9, №15, №25) по теме  «Эффективные      пути повышения качества знаний». В семинаре участвовало 58 учителей. 
Цель: определить понятие «качество образования» и качество знаний, актуальность этих понятий в современных условиях образования. 
Задачи:  определить наиболее эффективные образовательные технологии в работе учителя по повышению качества знаний учащихся;  изучить опыт учителей в данном направлении; побуждение              учителей к активной работе по повышению качества знаний учащихся.
На  семинаре поделились своим опытом  следующие учителя:  учитель казахского языка и литературы гимназии им. С. Сейфуллина Бұқар А.О. по теме «Пути повышения качества знаний учащихся на      уроках казахского языка и литературы», Зудочкина С.Н.  «Работа по повышению качества знаний  в начальной школе», учитель начальных классов №9 школы  Бердибаева К.Р. «Интерактивные                 методы обучения как  средство повышения качества знаний», учитель начальных классов №15 школы Жаманбаева С.С. «Пути повышения качества знаний младших школьников», учитель казахского        языка и литературы школы №25 Акпарова М.С. «Важность функциональной грамотности в обновлении содержания образования».  Выступающие и участники отметили важность проблемы повышения      качества знаний при дистанционном обучении.


  

18 ақпан күні дене шынықтыру апталығы аясында әр оқушының жүрегінен орын таба білген, қаламызға белгілі, ұлағатты ұстаз Жолдыбаев Сәкен Шәріпұлының құрметіне арналған мектеп оқушылары арасында қалалық «Теннис» турнирі өтті. Жолдыбаев Сакен Шәріпұлы оқушыларды спортқа баулып, мектептің баскетбол, валейбол, футбол командаларын шебер ұйымдастырып, биіктерден көрінуге аямай еңбек ете білді. «Теннис» турнирінде 1 орынға № 16 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Балқишиев Жансұлтан иеленсе, 2 орынға №1 мектеп-гимназиясының оқушысы Бронш Эрнс, 3 орынға С.Сейфуллин атындағы гимназияның оқушысы Дауренұлы Есендір ие болып, барлық қатысушылар мен жеңімпаздардарға Облыстық білім басқармасы атынан арнайы сыйлықтар табысталды. Барлық қатысушыларды марапаттарымен құттықтаймыз! Бұл турнир дәстүрлі түрде жылда өткізіледі деген ойдамыз.


 

 

№19 мектеп-лицейінің ұлағатты ұстазы болған спорт саласының ардагері Жолдыбаев Сәкен Шәріпұлын еске алуға арналған үстел теннисінен турнир өтті. Гимназиямыздың 6- сынып білім алушысы Дәуренұлы Ескендір бұл турнирдің қола жүлдегері атанды. Мадақтама мен естелік сыйлықты қанжығасына байлаған Ескендірді құттықтаймыз! Гимназиямыздың спорт сүйер оқушылары жасасын!

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

"Құқықтық навигатор" сауаттылық апталығы жобасының аясында ақпанның 12-сі күні 5-6-7-9 сыныптардың ата-аналарыен "Отбасындағы баланың құқығы", "Отбасы қауіпсіздік аумағы" тақырыптар аясында тренинг-семинар өтті. Аталмыш тренинг-семинарды Гимназия психологы Сейтова Ж.М. және әлеуметтік педагог Мұрат Қ.Е. өткізді. "Бала құқықтары" туралы Конвенциядағы баланың құқықтары туралы айтылып, заң аясында бала құқығы туралы бірнеше сұрақтарға жауап алынды. "Бала сіз үшін кім?" деген сұраққа жауапты парақ бетіне бір сөзбен жазу бойынша тренинг өткізілді.  Әр ана мен әкеге бала - бақыт, қуаныш, өмір мәні, бары, махаббаты мен мағынасы екендігі тағы бір мәрте айтылды. Атааның заң аясындағы міндеті мен жауапкершілігі де айтылды.  Тренинг-семинар "Бақытты отбасы" мәтіні бойынша түйін оймен аяқталды. Әр бала бақытты болуға лайық!

 

 

 


 

 

 

 

9.02 в 9 классе учитель Бикмуллина Г. Р.  провела урок - тренинг «Толерантность как гарантия прав человека». В зале проведённого мероприятия ученики очень много рассуждали о природе толерантности, выработали правила толерантного поведения, определили истоки войны как следствие интолерантности. В ходе игры просматривали видеоматериал по данной теме, обсуждали подсмотренное. До более точного понимания природы толерантности приняли участие в тренинге «Упражнение Джефферсона», а также « На златом крыльце сидели....» . В ходе мероприятия ребята пришли к выводу, что толерантность это главное составляющее нашей современной жизни.

 

 

 

 


 

       

        Облыс мұғалімдері үшін шеберлік сынып 
         2021 жылдың 5 ақпанында Қарағанды облысының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Сәтбаев қаласының Сәкен Сейфуллин атындағы гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері А.Т.Казиеваның «Көркем жазу» мен Е.О.Панькованың «Учись писать красиво»  авторлық бағдарламалары бойынша практикалық тәжірибе жинақталып, облыс мұғалімдеріне ұсынылды. Іс-шараның мақсаты бастауыш сыныптарда каллиграфиялық дағдыларды қалыптастырудың әдістерімен таныстыру болды.
Мұғалімдер әріптестерін осы бағдарламаларды құруға түрткі болған себептермен және оның мазмұнымен таныстырды. Қол жетімді, түсінікті түрде, әріптестерін қатыстыра отырып, каллиграфия сабақтарындағы әдіс-тәсілдер көрсетілді. Шеберлік сыныпқа қатысушылар аталған мәселеге қызығушылықтарын танытып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тілектерін білдірді.
Осы іс-шараның нәтижелерін қорытындылау барысында қатысқан мұғалімдер бағдарламаларды оқу процесіне енгізу оқушылардың каллиграфиялық жазу дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететінін, баланы ойлауға, ізденіс пен өзіне сенімділігін арттыруға жетелейтінін айтты.  
Мастер-класс для учителей области
           Учебно-методическим центром Карагандинской области 5 февраля 2021 года было организовано обобщение практического опыта написания авторских программ учителей начальных классов Казиевой А.Т. «Көркем жазу» и Паньковой Е.О «Учись писать красиво» с целью ознакомления с программами и приёмами работы по формированию каллиграфии на уроках в начальной школе. Педагоги ознакомили коллег с причинами, побудившими к созданию данных программ и содержанием. Доступно, в понятной форме, с привлечением коллег были показаны приемы работы на уроках каллиграфии. Присутствующие на мастер-классе проявляли повышенный интерес, задавали волнующие их вопросы и высказывали свои пожелания. 
Подводя итоги данного мероприятия, все пришли к выводу, что внедрение этих программ в учебный процесс способствует у учащихся формированию навыков каллиграфического письма, вызывает у ребенка стремление к поиску и размышлению, чувство уверенности в своих силах.

 


 


   

              С.Сейфуллина атындағы гимназия»КММ қабырғасында 23-30 қаңтар аралығында математика сауаттылығына байланысты «Біздің айналамыздағы математика» тақырыбында апталық өтуде. Осы апталық аясында «Ағылшын тілінде практикалық» курсы бойынша 8 «А» сыныбымен «Fun Time in Maths Country» сыныптан тыс сабақ өтті. 
Мақсаты: Білім алушылардың математика саласындағы жаңалықтармен таныстыра отырып, математиканың адам өміріндегі маңызын ұғындырып , оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру. Математика  ағылшын тілінде өткізу білім алушылардың эстетикалық тәрбиелеуге, оның қиялы мен кеңістік түсінігі, аналитикалық және логикалық ойлауды дамытады, шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға түрткі болды.


 

Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Біздің айналамыздағы математика» атты математикалық апталығы жалғасуда. 
«Өнегелі өмір» жобасы аясында ұйымдастырылған оқуда табысты 11-сынып оқушыларының 1-4 сынып оқушыларымен кездесуі сәтті өтті. 11 «А» сынып оқушылары Рахим Мади мен Құсайынова Айдана кездесу барысында бастауыш сынып білім алушылары арасында «Миллион кімге бұйырады» интеллектуалды сайысын өткізді. Математикалық сауаттылық сұрақтарынан құралған сайыс балалар үшін қызықты өтті, сайыс соңында оқушылар математика пәні бойынша жетістіктерге қол жеткізген, олимпиада, республикалық, облыстық байқаулар жеңімпаздары, 11-сынып оқушылары Мади мен Айданаға өз сұрақтарын қойып, біраз пайдалы кеңестер алды.


В рамках областной недели по математической грамотности в КГУ "Гимназия им.С.Сейфуллина",учениками 1 "А" класса было проведено мероприятие. Ребята подготовили инсценировку сказки про геометрические фигуры. "Жили-были два брата треугольник с квадратом". Постановка сказки вызвала интерес не только у ребят,но и у родителей,которые подготовили замечательные атрибуты героям.


В рамках проведения недели по развитию математической грамотности «Математика вокруг нас» в 10 «А» классе прошла защита проектов «Математика и моя будущая профессия». Учащиеся в форме презентаций рассказали о роли математики в профессиях, которые в будущем они хотели бы получить. Показали необходимость математического образования в осуществлении своих целей. Привели примеры задач, которые  необходимо решать  специалистам данных областей.


https://www.facebook.com/100029162104434/videos/510409556607777/

           25-30 қаңтар аралығында математика сауаттылығына байланысты “Біздің айналамыздағы математика” тақырыбында апталық өтуде. Осы апталық аясында “ С.Сейфуллин атындағы гимназия” қабырғасында білім алушылардың зияткерлік қабілетін, қиялын, қол моторикасын дамыту мақсатында “Интеллектум” курсы жүргізіледі. Пән мұғалімі педогог-зерттеуші А.Т. Казиева. Интеллектум кабинеті арнайы заманауи технологиялармен жабдықталған. Курс математика жане мамандық таңдаумен тікелей байланысы бар. Себебі үстел үсті ойындары - білім алушылардың ой-өрісін, тез шешім қабылдауға, шапшаңдыққа баулиды. Бүгінде әлемнің 17 елінен 32 ойын түрі таңдалған. Тәжірибеде көрсеткендей, интеллектісі осылай дамыған білім алушылар болашақта білікті стратег, табысты кәсіпкер болып шығады.


 

С математики начинается всё.

«Ребёнок только родился, а первые цифры в его жизни уже звучат: рост, вес. Малыш растет, не может выговорить слова "математика", а уже занимается ею, решает небольшие задачи по подсчету игрушек, кубиков. Да и родители о математике и задачах не забывают. Готовя ребенку пищу, взвешивая его, им приходится использовать математику». Учащиеся 9, 11 классов такими словами начали линейку, посвященную открытию математической грамотности. Ребята рассказали о том, что математика всегда сопровождала и будет сопровождать человека в жизни, в профессии.

На линейке заместитель директора по профильному обучению Оразалина Ф.Т. ознакомила учащихся с целями и задачами недели, а также с планом предстоящих мероприятий, призвала старшеклассников помочь младшим классам в проведении конкурсов, марафонов, видеосъемок.


Оқу сауаттылығы апталығы қорытындысы

       2021 жылы 18 мен 23 қаңтар аралығында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Сәкен Сейфуллин атындағы гимназияда 2021 жылдың 18-і мен 23-ші қаңтары аралығында «ХХІ ғасыр – сауатты ұрпақ ғасыры» тақырыбында оқу сауаттылығы апталығы өтті.

             «Оқу сауаттылығы» апталығы жоспарына сай 5-6-7 сынып оқушылары үшін 18-қаңтар күні «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» атты Kahoot тест өтті. Аталмыш тестке 5а, 6а, 7а сынып оқушылары қызыға, жарыса қатысты. Тесттің 70% төрт нұсқалы тест түрінде, ал қалған 30% «иә, жоқ» нұсқа түрінде құрылды.

       Аптаның екінші күні 8-сынып оқушылары "Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда" тақырыбы бойынша ой толғап, әдеби шығармаларды талдады. М.Дулатовтың "Бақытсыз Жамалы", Ш.Құдайбердіұлының "Еңлік-Кебегі", М.Әуезовтің "Көксерегі" талқыға түсті. Үй тапсырмасына Б.Соқпақбаев, Қ.Қазиев, С.Мұратбеков, М.Қабанбай, Н.Ақыш сынды жазушылардың шығармалары берілді.

       Апталықтың үшінші күні 1"А" сыныбында "Жас жұлдыз" байқауы өтті. Білім алушылардың танымдық қызығушылығын дамыту, шығармашыл белсенді тұлға тәрбиелеу мақсатында өткен байқауда сынып оқушылары өздерінің азғантай уақытта алған білімдерін өнермен ұштастырып шығармашылық ізденістерін ортаға салды.

          "Қаңтарда туған қаламгерлер" тақырыбында 10-сынып оқушыларымен кездесу өтті. Қаңтарда туған қаламгерлер ішінен Қадыр Мырза Әліге тоқталып, өмір жолы, шығармашылығы жөнінде әңгіме өрбіді. Ақынның "Ой ормандары" , "Иірім", "Қасқыр қақпан" секілді кітаптары талданып, оқуға ұсынылды.

 

           5 "В" кезекші сыныбы Ыбырай аталарының 180 жылдығына арнап "Дүние қалай етсең табылады" әңгімесі бойынша бестік диктант жазды. Жұмыстың шарты түсіндірілді, білім алушылар сөзден сөйлем құрап, сөйлемге сыни сұрақ қойып, оған ұтымды жауап береді де, соңында өздері ойдың түйінін жазады. Баланың ойы болғанымен, әр сөйлемде салмақты түйін жатыр. Демек, әңгімеден тағылым ала білген. Бір қыз баланың жазған ойтүйінін қоса жүктедім. Оқуларыңызға болады.

 

          Апталықтың 4 күні "XXI ғасыр-сауатты ұрпақ ғасыры!" тақырыбындағы оқу сауаттылық апталығының жоспары негізінде "Менің отбасым және кітап" атты фотоакциясы өтті. Іс-шараға белсене атсалысқан 3"А" сынып оқушылары мен ата-аналарына алғыс білдіреміз. Балаларды кітап оқуға тартуға үлкен әсер ететін ең маңызды әрі басты орын-отбасы.

 

           Апталықтың төртінші күні   бастауыш сынып оқушылары арасында "Кітап - өмір ұстазы», "Ертегілер елінде", " Менің отбасым және кітап" тақырыбында түрлі жұмыстар жүргізілді. 1 "Б" сынып оқушылары да өздерінің кітап оқуға деген қызығушылықтарын көрсете білді. Кітап оқу оқушылардың танымын белсенді етуге, қызығушылығын арттыруға, әсіресе әдеби тілін дамытып, сауатты оқып, жаза білуге баулиды.

 

           Облыстық деңгейде өткізіліп отырған "XXI ғасыр - сауатты ұрпақ ғасыры" атты оқу сауаттылығы апталығының жоспарына сәйкес 9"А" білім алушылармен "Қазақстан болашағы - жастардың көзімен" атты танымдық іс-шара өтті. Танымдық іс-шарада білім алушылар ұсынылған шығармалардың авторын тауып, атаулы датамен тұспа-тұс келген тарихи тұлғаларымыздың асыл мұраларын зерделеді, насихаттады. Соған орай әр білім алушы дәлелді пікірлерін, ұтқыр сөз саптаулары мен өз ойларын ортаға салды.

           11-сынып білім алушылары арасында "Асыл сөз" шешендік өнер байқауы өтті. Жеребе бойынша "Тіл-қазына" тақырыбы таңдалды. Тақырып аясында сөз сайысына түсті. Білім алушылардың сөз саптау мәнері, өз ойын әдеби мәліметтерді келтіре отырып дәлелдеуі және сұрақ қою, сұраққа жауап беру шеберлігі бағаланды. Қатысушылардың тіл туралы пікірі ықшамдалып, бейнетаспаға жазылды.

             Бесінші күні жас мамандар тәлімгері Айбекова З.Т. "Ол кім? Бұл не?" деген тақырыпта танымдық ойын өткізді. Ойынға аға буын өкілдері мен жас мамандардан құралған екі топ қатысты. Ойын 4 кезеңнен тұрды. Тапсырмалар өте қызықты және мазмұнды болды. Ойын барысында аға буын өкілдері білім бәйгесінде басымдық көрсетіп, жеңіске жетті. Жас мамандар тәжірибелі үлкен әріптестерінен әлі үйренері көп екенін түсінді.

           5-сынып (кезекші)оқушылары арасында «Ертегілер әлемінде» тақырыбында квест ойыны өткізілді. Оқушылар екі топқа бөлініп , топпен жұмыс жасады. Олар орыс халық ертегісі «Үйшікті» сахналады. Ойын тапсырмаалары 9 кезеңнен тұрды. Ұпай саны бойынша жеңімпаз топ марапатталды. Ойынға қатысқан оқушылардың барлығына ынталандыру сыйлығы табысталды.

 

        Аптаның  соңында "ХХІ ғасыр - сауатты ұрпақ ғасыры" атты облыстық оқу сауаттылығы апталығы аясында өткен эссе байқауының қорытындысы шығарылып, төмендегі оқушылар марапатталды.

 8-сынып бойынша:

1-орын Көпей Адель;

2-орын Магзумова Әйгерім, Сайланова Аяулым;

3-орын Ахмедия Айшабибі.

 10-сынып бойынша:

1-орын Тұрсынбекова Камила;

Copyright Гимназия им.С.Сейфуллина © 2024