«С.Сейфуллин атындағы гимназия»КММ

 «Абайлаңыздар, балалар!»

республикалық Акциясы бойынша өткізілген ісшаралар жайлы

АҚПАРАТ

                 02.09-30.09.2019 жыл                                                                          Сәтбаев қаласы

 

Балалар - біздің келешегіміздің кепілі, дені сау ұрпақ Қазақстанның қарыштап қанат жаю жолында бүгінді ертеңге жалғаушы дәнекер. Осы жолда жас ұрпаққа саналы білім мен рухани тәрбие беріп қана қою аз, біз оларға төнетін өзге де қауіптің алдын алуымыз шарт. Қалалы жерлерде балалар 3 есе жиі жарақаттанады және балалар мен жеткіншектер арасында абайсызда болатын өлім себебі жол-көлік оқиғасы болып табылады. Қайғылы оқиғалар автокөлік жүргізушінің, не болмаса жаяу жүргіншінің жол қозғалыс ережесін білмеуінен туындайды. Осы жағдайдың алдын алып, балалардың көліктік травматизмінің алдын алу үшін мектепте қыркүйек айының 2-30 аралығында республикалық «Абайлаңыздар, балалар!» атты акция өтті.

Акцияның мақсаты:Балаларды жол-көлік қозғалысынан жарақат алудың алдын алу, сонымен қатар жолдар мен көшелерде қауіпсіз мінез-құлыққа байланысты дағдыларды бекіту.

Алдын ала бекітілген жоспар бойынша түрлі ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ, мектеп кітапханашылары Абишева С.И. иен Жукенова С.Р. бастамасымен оқырман залында «Жолда абай бол!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Жол ережесін біл, аман –есен жүр!» атты стендтер толтырып, оқушылар өз шығармашылықтарын іліп, ең үздік суретті салған оқушылар марапатталды. «Оқушылардың көшелерде және жолдарда өзін-өздері ұстауларының негізгі ережелері» атты әдістеме таратылды. Мектеп психологы Давыденко Т.А.  «Жолда жүру ережесін білесің бе?»   атты сауалнаманы жүргізді. Мектеп медбикесі А.С.Джанкельдиева жарақаттанғанда алғашқы көмек көрсету ережелері. аяқ-қол шығып, сынғанда алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері туралы балаларға түсінік беріп өтті.

           

2.09-30.09 қыркүйек аралығында 1-8 сынып жетекшілерінің бастамасымен «Жол-көлік оқиғаларының себептері»,«Жол таңбаларының мақсаты» , «Көше күтпеген жағдайларға толы» атты сынып сағаттары өткізілді. 6 қыркүйек күні ойынды тәрбие құралы ретінде пайдаланып, бала сезімін кеңейтіп, тілін ұштастырып, жол ережесін жасына сай меңгерту. көшеде жүру ережесін білу арқылы жолда жүру мәдениетін үйретіп, сақтыққа тәрбиелеу мақсатында «Жолда жүру ережесін білесің бе?» атты 2 «Б» сыныбында жол полиция қызметкерімен кездесу болып өтті. Ісшара барысында жол қозғалыс ережелері туралы түрлі сұрақтарға жауап бере отырып, көшеден велосипедпен, самокатпен немесе жаяу өздігінен үлкендерсіз қалай өту керектігі жайлы практикалық сабақтан өтті.

Мектеп инспекторы  М.З.Сейтмагамбетов 1 сынып оқушыларымен «Жол ережесін жадыңда ұста!» атты  кездесу жүргізді. Бұнда оқушыларды мектеп пен үйден келген аралықта қандай жол ережелері кездесетінін анықтап, үнемі жол ережесін сақтауға шақырды.

   

13-14 қыркүйек күндері «Балаларға жол ережесін үйретейік»  тақырыбында ата-аналарға ақыл кеңестер, баяндамалар оқылды. «Интервал және арақашықтық.» «Қозғалыс жылдамдығы. Көлік құралдарының аялдамасы және тұрағы» тақырыбында  мектеп инспекторымен кездесу жүргізілді. «Көшедегі сенің құқығың» атты видеофильм көрсетілді.

18 қыркүйекте жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерінің түрлері, оны білу не үшін қажет, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу мақсатында жас жол инспекторлардың жетекшісі М.Байкісінің ұйымдастыруымен мектепшілік жиын өтті. Жиында  жол қозғалысы қауіпсіздігі тақырыбында жас жол инспекторларының үгіт – насихат тобының көрінісі көрсетілді.

       4қыркүйек күні қалалық «Жас жол инспекторларының» қатысуымен өткізілген қалалық профилактикалық ісшарала «С.Сейфуллин атындағы гимназия»КММ  ЖҚИ командасы белссене қатысып, «Үздік жас жол реттеуші», «Үздік санитар», «Үздік велосипедші» номинацияларымен бақ сынасты. С.Сейфулиин атындағы гимназия жүлделі 2 орынмен марапатталды. Ісшара барлық мектеп командаларының флешмобымен жалғасты.

Сөз соңында, балалардың қатысуымен болатын жол қозғалысы оқиғаларының алдын алуда ұйымдастырылған бұл акция оң нәтиже беретіндігі сөзсіз.

 «С. Сейфуллин атындағы гимназия»    КММ директоры                                                                  Г.К.Суюнжанова

 

 

«С.Сейфуллин атындағы гимназия» КММ  Қазақстан Республикасының Конституция күніне 

өткізілген  іс-шаралардың АҚПАРАТЫ

              Қазақстан деген ел бар екендігінің бірден бір дәлелі – Конституция. 30тамыз мемлекеттік ресми мейрамдардың бірі – Қазақстан Республикасының Конституция күні. Осығын орай 2019жылдың 30.08-06.09 қыркүйегі аралығында мектебімізде «Ата заңым айбыным» тақырыбында  іс-шаралар өтті. Іс-шара мектеп фойесін безендірумен (түрлі-түсті шарлар,қабырға газеті) басталды.

30.08-06.09 қыркүйегі аралығында мектеп кітапханашыларын

Абишева С.И. мен Жукенова С.Р.ның   ұйымдастыруымен «Ата Заң - халқымыздың қазынасы» атты тақырыптық  көрмесі өтті. Ата заңымыздың маңыздылығы туралы жан-жақты ақпарат беру арқылы оқушылардың бойына патриоттық рухты сіңіруге үлес қосу,туған жеріне,еліне деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

2             

9-11 сынып оқушылары арасында сынып жетекшілерінің ұйымдастырумен   «Рухани келісім күні- бірлік бастауы» атты тақырыпта өз ойлары мен пікірлерін, арқылы жеткізді. «Конституция Республики Казахстан – опора государства: Хочу...Предлагаю...Могу...» деген тақырыпта өткізілген  бұл  байқауда оқушылар белсенділік танытты.

 

 «С.Сейфуллин атындағы гимназия» КММ директоры                                                        Г.К.Суюнжанова

 

«С.Сейфуллин  атындағы гимназия» КММ

Республикалық «Отбасы-бақыт мекені» атты апталықта өткізілген іс-шаралар жайлы

АҚПАРАТ

Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан.

«Отан – отбасынанбасталады» дегендей Отанды сүю –отбасынанбасталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесініңеңалғашқыұжымы. Оқушыларға отбасы құндылығын насихаттау мақсатында 2019 жылдың  6-14 қыркүйек аралығында  Республикалық «Отбасы-бақыот мекені» аптасы аясында бірнеше ісшаралар жоспары құрылып, бекітілді.Жоспарға сай түрлі іс шаралар өткізілді.

Атап айтсақ, 7 «Б» сынып жетекшісі Абельдинова Д.Б.ның ұйымдастыруымен «Отбасының қоғам алдындағы маңыздылығы мен рөлі» деген тақырыпта кездесу өткізілді.  Бұл маңызды кездесуде  оқушылар қаламыздың зиялы азаматтарымен сұхбаттасып, сол кісілердің балалық  шағынан қызықты әңгімелерін , аға буынның жас ұрпаққа  айтар өсиет пен ақылдарын тыңдады. Кездесу барысында оқушылар Отбасы құндылығы, адамгершілік, прасаттылық тақырыптарындағы көптеген сұрақтарға жауап алды.

          

7 «А» сынып жетекшісі  Байкісі М. Сынып оқушылары және ата-аналарымен бірлесіп «Отбасым-менің қуатым» атты интеллектуалды ойын өткізді.Ойын сабақта ата-анамен бала арасын нығайтатын түрлі әрі қызықты сайыстар орын алды. Сонымен қатар іс-қимылмен ойнатылаты айналымдарда көзайымға айналды.

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Овчаренко И.Н.ның ұйымдастырумен 5 сынып оқушылары мен ата-аналары арасында «Әкем,анам және мен» тақырыбында спорттық эстафета өткізілді. Ойын барысында оқушылар ата-аналарымен бірігіп бірнеше ойын түрлерімен жарысты. Бұл ісшара өз кезегінде ата-ана мен баланың арасындағы сыйластық сезімін арттырып, көтеріңкі көңіл-күй туғызды.

1-4 сынып жетекшілері мектеп фойесінде «Мен отбасымды мақтан тұтамын», «Моя семья- моя опора» тақырыптарында фотоконкурс ұйымдастырып, шағын көрмеге  отбасылық суреттерден құрылған коллаждар қойылды. 12 өқыркүйек барлық сыныптарда «Отан отбасынан басталады», «Семья - основа духовного возрождения» тақырыптарында сынып сағаттары өтілсе,13 қыркүйек күні барлық сыныптарда  ата-аналарға арналған «Бала тәрбиесіндегі ата-анаың рөлі» тақырыбында тренингтер, дөңгелек үстелдер  өткізілді. 

          

         «С.Сейфуллин атындағы гимназия» КММ директоры                                                               Г.К.Суюнжанова

 

«С.Сейфуллин атындағы гимназия»КММ Сәтпаев қаласының 46 жылдығына өткізілген

іс-шаралардың АҚПАРАТЫ

13қыркүйек Сәтбаев қаласының 46 жылдығына орай «Сәтбаев қаласы Білім бөлімі» ММ-нің жоспарына сай  мектепішілік ісшаралар жоспары құрылып, бекітілді. Жоспарға сәйкес қыркүйек айының 6-13 аралығында  қала күніне орай бірнеше ісшаралар өткізілді.

Аға тәлімгер Кожагулова А.Р.дың бастамасымен  «Жас ұлан» ББЖ ұйымының оқушылары мектеп фойесін қаламыздың көркем, әдемі суреттерімен, түрлі-түсті шарлармен безендірілді. Мектеп кітапханашылары  С.И. Абишева  мен  С.Р. Жукенова  ұйымдастыруымен оқу залында «Қойнауы кенге толы өлке»тақырыбында  кітап, сурет көрмесі  ұйымдастырылды. Бұл көрмеден оқушылар туған қаламыз жайлы құнды деректермен танысып, жергілікті ақындардың өлеңімен танысты. Бастауыш  сынып оқушылары мен ата-аналары  «Күз кереметі» деген атаумен күзде пісіп жетілген жеміс-жидектер мен көкөністердің барлық түрлерін түрліше пайдаланып, керемет көрме жасап шықты.Оқушылардың жасаған жұмыстары көздің жауын алады.

Іс-шаралардан бөлек әр сыныптарда «Туған күнің құтты болсын, әсем қалам», «Город, в котором мы живем» сынып сағаттары өтілді.Сынып сағаттардың оқушыларға тигізер әсері зор, сонымен қатар осы аталмыш іс-шарада оқушылар өздерінің ойларын еркін жеткізіп, бойларындағы өнерлерін ортаға салып, бір-біріне деген қарым-қатынастары нығайа түседі.Сонымен қатар қаламызға деген сүйіспеншілік, қаламызға деген құрмет, қаламызға деген жауапкершілік сезімдері оянды.Бұл сабақтарда сүйікті қаламыз жайлы міләметтер айтылып, қаламыздың әсем жерлерінен слайдтар көрсетілді.Сынып сағаттар өте жоғары деңгейде,эстетикалық талғамға сай болды.Сынып жетекшілер сыныптарын мереке қарсаңына безендіріп,оқушылары әсем өлеңдері мен тақпақтарымен көзге түсті.

«Сәтбаев қаласы Білім бөлімі»ММнің ұйымдастыруымен өткізілген  «Qasietti dombyra», «Саған арнаймын,әсем қалам!»атты күй орындау челленджін №19 мектеп лицейінен қабылдап, гимназия оқушылары мен ұстаздары, ата-аналарынан құрылған оркестр Дәулеткерейдің «Қосалқа» күйімен жалғастырды.

12 қыркүйек күні өткізілген  «Ұлы  дала мұрагерлері» форумына  «С.Сейфуллин атындағы гимназия» КММ   ұстаздары мен оқушылары белсене қатысты. Атап айтсақ,  «Қазақ ұлттық киімдерінен сән үлгісін көрсету» дефилесінде   бір топ оқушылар мен ұстаздар қазақ халқының жасына байланысты ұлттық киім үлгілерін ұсынды.  « Театр саңлағы» үйірмесінің оқушылары қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Бұқар А.О.ның ұйымдастырумен   абайдың қара сөздерінен  театрландырылған қойылым көрсетті.   Сондай-ақ, Илес Бекзат,  Қапаш Құдырет,  Мадымарова  Русалина, Исайкина Дарья  «Екі апта ауылда», «Баланы жұмысқа ал» әлеуметтік тәжірибелерімен таныстырып өтті.  Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі  В.О.Князюк  қазақ халқының ұлттық  «Тоғызқұмалақ» ойынын ойнатты.

         

«С.Сейфуллин атындағы гимназия» КММ директоры                                                    Г.К.Суюнжанова

 

Мерейтойың құтты болсын, аяулы гимназиям!!!

        2019 жылдың 23 қарашасында Сәкен Сейфуллин гимназиясы 25 жылдық мерейтойын Шынболат Ділдебаев атындағы Мәдениет сарайында атап өтті.  Бұл мерекеге гимназияның алғашқы директоры Саденова Алия Камешқызы,  осы білім мекемесінің көркеюіне еңбектерін сіңірген ардагер ұстаздар Ибрагимова М.И., Таңсықбаева А.І., Суркова З.Т., Қыдыкенова Ж.Т., Шамсутдинова З.З., Югай В.Н. және тағы басқалар қонақ болып келді. Келген қонақтарды, ата-аналарды, мұғалімдерді қалалық маслихат хатшысы Хмилярчук Т.И., Сәтбаев қаласы білім бөлімінің басшысы Ақышбеков Б.Б., ұлағатты ұстаз Жанасылова Ш.Қ. құттықтады.  Гимназия ұжымы өздерінің 25 жылдағы тарихымен, жетістіктерімен бөлісті. Осы мерейтоймен гимназия түлектері, ата-аналар барлық ұжымды шын көңілдерімен құттықтады. Көпшілік бағалауы бойынша іс-шара жоғары деңгейде өтті.  

      

Улы газдан сақтан!

Ауа - райы суытқан кезде тек өрт емес, кей кездері улы газдан улану жағдайлары да өкінішті жағдайға әкелетіні сөзсіз. Улы газды әдетте "Зұлым жаналғыш" деп те атайды. Өйткені оның түсі де, иісі де де жоқ. Оған қоса, газ ауамен араласып өзінің уылғыш қасиетін жоғалтпаған күйі тез тарайды.

Улы газ - пайдаланылған газдың улы бөлігі. Көп жағдайда улы газдан улану көмірімен немесе газбен жағылатын пештерді немесе қазандықтарды дұрыс пайдаланбаудан туындайды. Кейбір адамдар үшін жаттанды әрі баршаға мәлім қағидаларды қайталап өтсек:

- Тек жарамды жабдықтарды қолданған жөн (пеш қалауларындағы жарықтар, түтін тұрбасы);

- Пештер мен каминдерді қағидаға сәйкес қолданып, желдету жұмысына жүйелі түрде тексеру жүргізу қажет;

- Автокөлік иелері, көлікжайда (гаражда) қозғалтқыш бөлігін қосулы күйде жұмыс жасамаңыз.

Жоғарыда келтірілген ережелерді есте сақтау арқылы, әр адам газдан уланудың құрбаны болмайтыны анық.

  

 

Несмотря на холодную погоду за окном, в гимназии 28 ноября было тепло, к нам пришло лето. В этот день в гимназии отмечался День зеленого цвета. В одежде учителей, учащихся присутствовал зеленый цвет, так же школьники получили вкусные подарки в зеленых обертках и зеленые яблоки. 

        

Хорошее настроение не заканчивается! 29 ноября в гимназии был День синего цвета! Оттенки синего были везде. В данной акции участвовали все.  Синие бантики, синие галстуки с национальным орнаментом, синие жилетки и самое главное хорошее настроение можно было увидеть у всех учащихся гимназии.  Тек же в этот день был конкурс эссе в котором дети рассказывали о днях наполненных счастьем . Итоги эссе будут проведены в заключении акции. 

  

Облыстық олимпиада жүлдегерлерін құттықтаймыз!

          2020 жылдың 5,6 қаңтарында Қарағанды қаласында жалпымектептік пәндер бойынша облыстық олимпиада өткен болатын. Сол олимпиадаға біздің гимназиядан 4 оқушы қатысып, оның екеуі жүлделі орындарға ие болды. 11 сынып оқушылары Берік Назерке қазақ тілі мен әдебиетінен 3 орын (жетекшісі Бұқар А.О.), Денберген Дариға орыс тілі мен әдебиетінен 3 орын (жетекшісі Айбекова З.Т.) алды.  Оқушыларымызды және мұғалімдерімізді жетістіктерімен құттықтаймыз!!!

       ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жыл сайын жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсын өткізеді. Осы конкурстың  желтоқсан айында өткен облыстық кезеңінде  С.Сейфуллин атындағы гимназияның 11 сынып оқушысы Қодарова Айғаным (жетекшісі география мұғалімі Каримбаева А.Б.) 3 орынға ие болды және республикалық кезеңге өтуде география пәнінен тестен өтіп,  республикалық кезеңге жолдама алды. Айғанымның «Көкмайса – Ұлытау өңіріндегі туризмнің бастауы» тақырыбындағы жобасы зерттелгендігімен, практикалық тұрғыдан қажетті тұстарымен көрініп, жоғары бағаға ие болды. Сонымен қатар Айғаным республикалық сайысқа қатысу үшін пән бойынша тестен өтті, алдағы уақытта республикалық кезеңге барады.

Оқушы, ата-ана, мұғалім - үштік одағының жарасымдылығы.

1 ақпанда Сәкен Сейфуллин атындағы гимназияда ата-ана, мұғалім, оқушы арасындағы байланысты нығайту және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында 3-4 сыныптар аралығында ата-аналармен бірлескен іс-шаралар өтті. 3А сыныбы "Кітап - асыл қазына" такырында READx формасында конференция, 3Б сыныбында ата-аналар "Батикпен жұмыс' шеберлік сыныбы, 4А сыныбында " Шаш - адамның көркі'" атты сән үлгілерінің таныстырылымы, 4Б сыныбында " Мамандықтың бәрі жақсы" мамандармен кездесу өтті, ал 4В сыныбында  "Мақал - мәтелдер біздің өмірімізде" тақырыбында әр отбасы өздерінің жобаларын қорғады. Барлық іс-шаралар мазмұнды, ұйымдастырылуы жоғары деңгейде өтті. Осы үштік одақтың жұмысы алдағы уақытта жалғасын табады, басқа сыныптардың да игі бастамаларын күтеміз.

           

     

Улы газдан сақтан!

Ауа - райы суытқан кезде тек өрт емес, кей кездері улы газдан улану жағдайлары да өкінішті жағдайға әкелетіні сөзсіз. Улы газды әдетте "Зұлым жаналғыш" деп те атайды. Өйткені оның түсі де, иісі де де жоқ. Оған қоса, газ ауамен араласып өзінің уылғыш қасиетін жоғалтпаған күйі тез тарайды.

Улы газ - пайдаланылған газдың улы бөлігі. Көп жағдайда улы газдан улану көмірімен немесе газбен жағылатын пештерді немесе қазандықтарды дұрыс пайдаланбаудан туындайды. Кейбір адамдар үшін жаттанды әрі баршаға мәлім қағидаларды қайталап өтсек:

- Тек жарамды жабдықтарды қолданған жөн (пеш қалауларындағы жарықтар, түтін тұрбасы);

- Пештер мен каминдерді қағидаға сәйкес қолданып, желдету жұмысына жүйелі түрде тексеру жүргізу қажет;

- Автокөлік иелері, көлікжайда (гаражда) қозғалтқыш бөлігін қосулы күйде жұмыс жасамаңыз.

Жоғарыда келтірілген ережелерді есте сақтау арқылы, әр адам газдан уланудың құрбаны болмайтыны анық.

             

 

Қамқоршылық және қорғаншылық Кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылдың  13 ақпан күні мектеп асханасына рейдтік тексеріс жүргізілді.Мақсаты: мектеп асханасының санитарлық гигиеналық жағдайы мен тағамдардың сапасын бақылау. Тексеріс қамқоршылық Кеңес төрайымының орынбасары Бақбергенов М.М. мен ата- ана комитет мүшелері, әлеуметтік педагог, медбикенің қатысуымен өткізілді.

Мектеп асханасындағы тамақ талапқа сай, ас мәзірі негізінде беріледі.Мектеп медбикесі Джанкельдиева А.С. таңертеңгі піскен тамақтың сынамасын алып, тексеріп отырады және арнайы бракераж журналына жазып отырады. Тексеру кезінде шикі тағам сақтайтын бөлмелердің тазалығы, азық түліктердің сақталу мерзімінің дұрыстығы, май ет,сүт тағамдарының тоңазытқышта сақталу деңгейі де тексерілді.Мектеп асханасының санитарлық талаптарының, залалсыздандыру  жұмыстарының толық тиісті деңгейде жүргізілуі және асхана қызметкерлерінің жек бас гигиенасын сақтауы уақытылы қадағаланып отырады т.с.с.

Тексеріс нәтижесінде мектеп асханасының санитарлық жағдайы мен тамақ сапасы қанағаттанарлық деп танылды. Тексеріс нәтижесі актленді.

 

15 февраля в рамках месячника " СОДРУЖЕСТВО  ТРЕХ СЕРДЕЦ: УЧЕНИК, УЧИТЕЛЬ, РОДИТЕЛЬ" в КГУ "Гимназия им.С.Сейфуллина"прошло очередное мероприятие "С родителями веселее".Спортивное мероприятие провел учитель физической культуры, классный руководитель 7"А " класса Гайнуллин Владимир Олегович. Активная подготовка и участие родителей сделало мероприятие интересным, позитивным, необычным. Все присутствующие получили максимум позитива, энергии, а главное невосполнимые минуты общения между родителями и детьми. В дальнейшем такое содружество будет продолжаться.

                            

Мектеп, мұғалім, ата-ана  арасындағы байланысты нығайтуда 15 ақпан күні 6"Б"сыныбында сынып жетекшісі Турғынбаева А.К. мен ата- аналардың ұйымдастыруымен "Ғылым.Білім.Кәсіп" тақырыбында тәжірибе сағаты өтті. Мақсаты  білім алушылардың бойында ғылымға деген қызығушылықты дамыту. Оқушылар фонарь, картон камера, екі түтікті телескоп, перископ жасады, мотор құрастырып көріп, ойыншық катер, микрофон жасап, гүлдерді тағамдық бояғыштар арқылы басқа түстерге бояды. Сонымен қоса мобильді қосымша жасаған оқушылар да бар, өз жобаларын ұсынды, бірі калькулятор жасаса, екіншісі спинер ойынын, бірі ағылшынша-орысша сөздік жасаған. Әр топ соңында қалай жасағанын, қалай әрекет ететінін  түсіндірді. "10күн ата-ана жұмысында" әлеуметтік тәжірибесінен өткен   оқушылар  білгендерімен бөлісіп, алған әсерлерін айтты.

     

Дебаты в гимназии им. С. Сейфуллина

7.02.2020 года в гимназии и асам. С. Сейфуллина состоялась игра « Дебаты» среди учеников 10 класса. Тема данной игры звучит следующим образом «Изречения Аль Фараби актуальны в наше время» Игра проходила очень эмоционально. Команды « Самрук» и « Суверен» играли и в Утверждении и в Опровержении. После игры ребята, обсуждая, пришли к выводу, что в Утверждении играть намного легче, так как на самом деле изречения Аль Фараби актуальны в наши дни. По окончании игры была объявлена команда победитель. Ей стала команда «Самрук». Лучшим игроком стали Попов А и Вафина Л ( 10 « А»)

        

8 ақпан күні тарих пәнінің мұғалімі Сериков А.А.ның ұйымдастыруымен «Мектептерге «Әл-Фараби тану» факультативтік бағдарлама енгізу» тақырыбы бойынша 10 сыныптың «Парламент» және «Болашақ» топтарының арасында жолдастық дебат ойыны өткізілді. Мақсаты:

1. Білім алушыларға мемлекеттік тілді терең  меңгерту, білімдерін молайту.

2. Білім алушыларға қазақ тілін терең меңгерте отырып, туған  Отанын, туған тілін құрметтеуге, отаншылдыққа  тәрбиелеу.

3. Білім алушыларға сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, шығармашылығын дамыту.

Негізгі ережелер: құрылымды сақтау, әр топта 3 білім алушының болуы, сөйлеу мәдениеті, шыдамдылық,  шындық, сыйластық.

     Дебатта пікір таластыра, сөз жарыстыра отырып ойынның негізгі ережелері сақталды.  Жалпы білім алушылар «Мектептерге «әл-Фараби тану» факультативтік бағдарлама енгізу» керек деген пікірге келді. «Ойында қарсылас болсаңыздар, өмірде