Қазақстан Республикасында 130 дан астам ұлттар өмір сүреді. Әр халықтың тілі қайнар судың тұнбасындай мөлдір, сазды дыбыстарға бай, ұлттың тілі, әні, үні болып шалқар дариядай шалқуда.
Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне орай 19.09.2017ж "С.Сейфуллин атындағы гимназия" КММ директорымен бекітілген жоспарға сәйкес "Тілі басқа-тілегі бір, Жүзі басқа-жүрегі бір" атты фестиваль өткізілді.
Мақсаты: Көпұлтты Қазақстан халқының достығын сақтайтындығымызды, адамзаттың барлығына бейбіт өмір, тыныштық тілейтіндігімізді білдіру; өзге халықтардың салт-дәстүрін, әдеп-ғұрыпын құрметтеу; оқушыларды бірлікке, татулыққа баулу.
Фестивальға гимназиямыздың 5,6,7 сыныптары белсене қатысты. Берілген ұлттың тілінде сөйлеп, өнерін көрсетті.
Фестивальға қатысқан сыныптардың барлығы алғыс хаттармен марапатталды.